Жүсіп
Кенжебаев – Арал ауданы
Сталин атындағы колхоздың жылқышысы, СССР Жоғары Советі Президумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Указымен Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған.
Өтеген
Қазанғапов
– Арал ауданы «Октябрь» колхозының
жыл-қышысы, СССр Жоғары Советі Президумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Указымен
Социалистік Еңбек Ері атағына ие болған.
Балекеш
Ермағанбетов 1896 жылы
Қызылорда облысы Арал ауданында туған. Ұлты қазақ.
Еңбек жолын
жастайынан бастаған ол 1940 жылы Арал ауданы Сазды колхозында, ал 1957 жылдан
зейнетке шыққанға дейін жылқышы болып абыройлы еңбек етті. 1989 жылы қайтыс
болды.
Б.Ермағанбеов
жастық шағы бай малының соңында өткен. Небір ауыртпашылықты, жоқшылықты бастан
кешірген. Бай мырзалар-дың тепкісін де, таяғында жеген. Сөйтіп жүргенде құм
арасында «жаңа қоғам орнады, кедейлердің күні туды» деген хабар тиеді. Бұл
жарлы-жақыбайларды үміттендіреді, жаңаша өмір сүруге үндегендей болады.
Әйткенмен де жиырма сегізінші жылға дейін, жаппай конфискілеуге дейін байлар да
беріле қоймады. Құм арасында қашып жүрген бандылардың көптеген әлектерін де
кедейлер көтерді.
Совет үкіметіне
бүйрегі бұрғандарды қан-жоса қылып сабап, азғантай малын тартып алып кеткен
заманда аз болған жоқ.
Б. Ермағанбетов
осындай дүрбелең заманды бастан өткеріп, алғашқы серіктестікке, артельге мүше
болды. Ал Сазды колхозы ұйымдасқаннан кейін өз алдына табын алып, жылқы бақты.
1944 жылы Б.
Ермағанбетов үлкен қуанышқа кенеліп, Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды. Бұдан
үш жыл өткен соң әр 100 биеден 100 құлын алып, жоғары еңбек көрсеткішіне жеткені
үшін ССРО Жоғары Советі Президумының Указымен Ленин орденімен және Орақ пен
Балға алтын жұлдызымен марапатталды.
Мұрат
Шалабаев
1896 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында туған.
Ұлты қазақ.
1957 жылға
дейін Амангелді атындағы колхозда шопан, аға шопан, қой фермасының меңгерушісі, ал 1957 жылдан кейін «Приаральск» совхозында шопан болды. Қарапайым еңбеккер
малға жем-шөп да-йындауды, суаттарды реттеуді, қора-қопсыны дер кезінде
жөндеуді бір сәт естен шығармады.
1948 жылы ол
отаврындағы 407 қазақы тұқымды саулықтан
530 қозы алып,
айрықша зор табысқа жетті. Сол жылы алынған қозы-ларды әр жүз саулыққа шаққанда
130-дан айналдырды. Отардағы әр қозы енесінен ажыратылғанда 42 кг-нан салмақ
тартты. Бұл – үлкен жетістік еді. СССР Жоғары Советі Президумының 1949 жылғы 31
қазандағы Указымен М. Шалабаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Сейтмағанбет Жаналиев
1890 жылы Қызылорда облысы Арал
ауданында туған. Ұлты қазақ.
1910 жылдан
бастап еңбек ете бастады. 1928 жылдан 1939 жылға дейін «Құмсай» ауылшарушылық
артелінде істеді. Одан кейін 1940-1950 жылдары Чкалов атындағы колхоздың, ал
1957 жылдан «Арал» совхозының жылқышысы. 1959 жылы зейнетке шықты.
Соғыстан
кейінгі қиыншылығы мол кезде колхозда жұмыс істеген ол өзінің қажырлы еңбегінің
арқасында құлын алуда ең жоғары көрсеткіштерге қолы жетті. 1948 жылы 53 биеден
53 құлын алып, аман өсіруді қамтамасыз етті, СССР Жоғары Советі Президумы өзінің
1949 жылғы 31 қазандағы Указымен С. Жаналиевқа Социалистік Еңбек Ері атағын
берді.
Махамбетәлі Ешниязов
1897 жылы Қызылорда облысы Арал
ауданында туған. Ұлты қазақ.
1917жылға дейін
жергілікті байлардың жалшысы болды. 1932 ж «Жаңа құрылыс» колхозына кіріп, онда
1957 жылға дейін аға шо-пан болып істеді. Одан кейін «Приаральск» совхозында қой
фермасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1958 жылы қайтыс болды.
Тынымсыз
еңбектердің іс-әрекеті зор табысқа жеткізді. 1947 жылы отарындағы 405 қазақы
тұқымды саулықтан 605 қозы өргізді. Ал отарындағы әр қойдан қырқылған жүннің
мөлшері бойынша колхоздағы ең жоғары көрсеткішке жетті.
СССР Жоғары
Советі Президидумы 1948 жылдың 23 шілдедегі Указымен аға шопан М. Ешниязовтың
қоғамдық қой шаруашылығын дамытудағы зор табысын, оның көп жылғы жемісті еңбегін
атап көрсетіп, Социалистік Еңбек Ері атағын берді.
Дүзбай
Есболов 1893 жылы
Қызылорда облысы Арал ауданында туған. Ұлты қазақ.
1910 жылдан
жалданып балық аулады. 1928 жылы Арал ауданының Ленин атыңдағы колхозында
балықшы болды. 1938 жылы «Құланды» жылқы заводында әуелі шопан, кейін аға
жылқышы болды. 1964 жылы зейнетке шықты.
1947 жылдан
қарауындағы 55 биенің әрқайсысынан құлын алып, аман өсірді. Д.Есболов еңбекті
ерлігі үшін СССР Жоғары Советі Президумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Указымен
Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.
Ұштап
Өтеулиева
1910 жылы Сырдария /қазіргі Қызылорда/
облысындағы ауылдардың бірінде туған. Ұлты қазақ.
1945 жылы Арал
балық тоңазытқыш комбинатында жұмыс істей бастады. 1965 жылы зейнетке шықты.
1959 жылы Өтеулиева Ұ. «Социалистік жарыстың озаты» значогімен марапатталды.
Еңбектегі аса
көрнекті табыстары үшін халықаралық әйелдер күнінің 50 жылдығы құрметіне орай
СССР Жоғары Советі Прези-думының 1960 жылы 7 наурыздағы Указымен Өтеулиева
Ұштапқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Төкеш
Тәжіғұлов
1896 жылы Қызылорда облысы Арал ауданында
дүниеге келген. Ұлты қазақ. Еңбек жолын байдың жалшысы болудан бастады.
1932-1949 жылдары Аманкелді атындағы атындағы колхозда шопан болды. 1949 жылы
қайтыс болды.
Аға шопан 1947
жылы 444 саулықтан 628 қозы алып, бәрін аман сақтады.Әрқайсысы 45 кг-нан салмақ
тартты. Осы тамаша ерлік еңбегі үшін жоғары баға алды. СССР Жоғары Советі
Президумы-ның 1948 жылғы 23 шілдедегі Указымен Төкеш Тәжіғұлов Социалистік Еңбек
Ері атағын алды.
Бақыт
Рысқалов 1902 жылы
Қызылорда облысы Амандыкөл ауылдық Советінің құрамына енген ауылда туған. Ұлты
қазақ.
1921 жылдан
1937 жылға дейін «Амандыкөл» балық аулау колхозында балықшы, ал 1937 жылдан
кейін бригадир болды.
1938-1941
жылдары «Бұғын» балық заводының директоры болды. 1941 жылы Арал ауданының
Тастүбек балық аулау колхозының председателі болып сайланды. 1953 жылдан 1955
жылдың тамыз айына дейін Бұғын ауылдық Советі атқару комитетінің председа-телі
қызметін атқарды. 1955 жылы қайтыс болды.
Б.Рысқалов 1937
жылдан бастап ауданда үздіксіз басшы қызмет-терін атқарды. 1938 жылы бірінші
шақырылған Қазақ ССР Жоғары Советіне депутат болып сайланды. Оны «Бұғын» балық
заводына директор етіп тағайындады. Колхоз күрделі құрылыстар жүргізуге
мүмкіндік алды. Радио тора-бы, электр станциясы, 7 мал қорасы, автомашиналар, 3
моторлы кеме сатып алды, клуб, монша, балалар бақшасы, балықшылар қостары сияқты
мәдени-тұрмыстық мекемелер салынды.
ССР Жоғары
Советі Бақыт Рысқаловтың қоғам алдындағы еңбегін жоғары бағалады: СССР Жоғары
Советі Президумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Указымен оған Социалистік Еңбек Ері
атағын берді. Сондай-ақ ол «Құрмет белгісі» орденімен, мақтау грамота-ларымен,
«Қазақ ССР ауылшаруашылығының озаты» значогымен марапатталып, сан рет бағалы
сыйлық алды.
Әбжәли
Сарымсақов 1928 жылы
Қызылорда облысы Арал ауда-нына қарасты Аралсульфат елді мекенінде дүниеге
келген. Ұлты қазақ. Еңбек жолын Аралсульфат комбинатында 1940 жылдың маусым
айынан тұз сору қондырғысының жұмысшысы қызметінен бастаған.
1962 жылдың
сәуір айынан 1986 жылғы құрметті еңбек демалысы-на шыққанға дейін үздіксіз 24
жыл бойы тұз қазу комбайнының машисі қызметін абыройлы атқарды.
Ә.Сарымсақовтың
еңбекте шыңдалу шағы осы аралықта болды. Абыройлы, тыңғылықты еңбегінің
арқасында көптеген мемлекеттік наградалар мен ордендерге ие болды. Еңбек Қызыл Ту, Ленин ор-дендерімен марапатталып Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды.
Бірнеше медальдармен марапатталды.
Әлмұрат Лепесов
1881 жылы Қызылорда облысы Арал
ауданында-ғы Қамбаш аулында туған. Ұлты қазақ.
«Абай» және
«Қазақстанның ХХ жылдығы» колхоздарының, кейін «Қарақұм» қой совхозында егінші,
жылқышы және шопан болды. 1959 жылы зейнетке шықты, 1966 жылы қайтыс болды.
Мұқыш
Нұржаубаев 1882 жылы
туған. Ұлты қазақ.
1931-1937
жылдары Қызылорда облысы Исаев атындағы совхозда істеді. Кейін 1950 жылға дейін
Арал ауданы Қарақұм ауылдық Советіне қарасты Киров атындағы колхозда жылқышы
болды. 1950 жылдан 1955 жылға дейін Абай атындағы колхозда және «Қарақұм»
совхозында жылқышы, жылқы фермасының меңгерушісі, 1958 жылдан зейнеткер.
Құдайберген Сманов 1915
жылы Қызылорда облысы Арал ауданын-да туған. Ұлты қазақ.
Арал ауданының Чкалов атындағы және Энгельс колхозында, 1957 жылдан кейін «Приаральск»
совхозында жылқышы болды.
Көшербай Дәрібаев 1892
жылы Қызылорда облысы Арал ауданында туған. Ұлты қазақ.
1907 жылдан
1917 жылға дейін байлардың жалшысы болды. 1917 жылдан кейін темір жолда істеді.
1930 жылы колхоз ұйымдасқанда Арал ауданы Чкалов атындағы ауылшаруашылық
артеліне мүше болды. Мұнда оны егіс бригадасынң бригадиріне көтерді.
1942 жылдан
«Аралқұм» колхозында товарлы-сүт фермасының меңгерушісі. Бұдан кейін ол Киров
атындағы колхозда, онан соң Қарақұм совхозында жылқы фермасының меңгерушісі
болып қыз-мет атқарды. 1957 жылы зейнетке шықты. 1964 жылы қайтыс болды.
Көшербай
жұмыста басқаларға үлгі бола білді. Ол фермаға ерте келіп, кеш қайтатын. Жылдан
жылға жылқы саны көбейе берді. Құлындар шығынсыз өсті. 1947 жылы тамаша жылқышы
қарауын-дағы 62 биенің әрқайсысынан құлын алуға жетті. Оның еңбегі жоғары
бағаланды: СССР Жоғары Советі Президумының 1949 жыл-ғы 31 қазандағы Указымен
К.Дәрібаевқа Социалистік Еңбек Ері атағы берілді. |