Арал теңізін стратегиялық
және экономикалық жағынан пайдалану мақсатында темір жол
жүргізу өте тиімді болды.
Орынбор-Ташкент темір
жолының күрылысын салуды патша Үкіметі
1878 жылы жобалаған
болатын, бұл негізінен Азия елдерін отарлау саясатының
жалғасы еді.
1901-1905 жылдары оның
күрылысы салынып бітті. Темір жол салуды екі жақган
бастады — бірі Орынбордан, екіншісі Ташкенттен жүргізіп,
екі жақ Қазалы станциясының маңында түйісті. 16 сәуір 1906 жылы Орынбор-Ташкент жолы ресми түрде ашылып
пайдалануға берілді.
Райым су айдағыш пункті
1902 жылы салынды, ол Шалқар станциясына дейін темір жол бойындағы елді
мекендерді сумен қамтамасыз етті. Темір жолдың үзындығы
2090 км-ге созылды, алғашқы кезде 4 мың, 1902 жылы —17
мың. 1904 жылы 30 мың адам жүмыс істеді. Құрылысқа
Киевтен, Самарадан, Полтавадан, Херсон, губерниясы мен
Закавказиядан көптеген инженер мамандар келіп жүмыс
істеді.
1905-1907 жылдары Шалқар
стансасында 159, Казалыда 151, ал Сексеуілде 100-ге
тарта адамдар жұмыс істеді.
Қаракұм,
Сыр өңіріндегі кең байтақ
шөл далада көшіп-қонып жүрген қазактар біртіндеп темір
жол бойына қоныстана бастады, олар өздерінің туйе, ат,
арба көліктерімен тас, құм, ағаш баска да күрылыс
материалдарын тасыды, ауыр жүмыстар істеді. Бұлар баска
жақтан келген халықтармен достасып кетгі, патша
үкіметіне деген наразалыққа үн қосты.
Орынбор-Ташкент темір
жолының салынуы келешек Қазақстан, Орта Азия елдерімен
қатынас тұрақтанды, сауда-саттыққа кең жол ашылды.
Сонымен қатар Арал теңізінің байлығын игеруге ықпал етті.
Арал ауданының аумағы
үстімен 160 км темір жол желісі өтті, темір жол
станциясы: Сексеуіл, Көнту, Арал теңізі, Сапақ, Аралқұм,
Шөміш, Қамбаш, Бекбауыл және 12 разъездер бар.
1902-1903 жылдары
Сексеуіл депосының алғашқы үйі салынды, кейіннен ол
кеңейтілді. 1932 жылға дейін мүнда паравоздар жөндеуден
өткізілді. 1935 жылы депоның екінші үйі салынды. Депода
токарлық, темір жол үстасы, компрессор цехтары әр түрлі
күрделі жөндеу жүмыстарын жүргізді. Бүл өзінің паровоз
паркін үйымдастыруға мүмкіндік берді.
1928 жылы Сексеул
стансасында кірпіш цехы салынып, өнім шығарыла бастады.
Бүл темір жол бойындағы станция, тұрғын үй, су
күбырларын салуда үлкен роль аткарды. Кірпіш өте сапалы
болды, сол үйлер күні бугінге дейін міні кетпей сол
калпында сақгалуда.
Темір жол салынған
жылдарда паровоз машинисі, слесарь, станция бастығы, кезекші баскада жауапты
жүмыстарды Орынбор, Саратов, Самара, Бүзілік калаларынан
келген орыс, татар ағайындар аткарды.
Казіргі Сексеуілде
түрақтанған машинистер П.И.Афанасьеф, И.Н.Кондаженко,
П.И.Палагин, А.С.Брыколов көп жылдар депода тұрақгы
еңбек етті. Жергілікті халықтың мамандық алуына еңбек
сіңірді, жергілікті халықтың құрметіне ие бодды.
Орынбор-Ташкент темір
жолы салынған
жылдарда П.Иппатуров, Н.Балтанбеков, Б.Мінсізбаев,
Сәрсембаев, М.Ерімбетов және басқалар өнімді еңбек етті,
өздерін осы жолдың негізін салушыларымыз деп мақган
тұтты. Шынында да солай, олардың есімдерін теміржолшылар
зор құрметпен сыйлайды, олардың балалары, немерелері осы
күнге дейін еңбек етуде.
1930 жылдан бастап
жергілікті тұрғындар — қазактар біртіндеп паровоз, вагон
кондукторы, слесарлық, станция кезекшілігі мамандықгарын
игере бастады. Қ.Есенов, Т.Жүсіпов, А.Дәрібаев, Қ.Сарантаев, Ш.Таласбаев, Қ.Жандаулетов және басқалар
алғашқы паровозшылар. Олардың жалакысы жоғары болды, бұл
жұртшылық құрметпен карайтын мамандық болды. Олардың
тұрмыстары да жақсы болды. Қайсы біреулері теміржол
тараптық партия комитетінің хатшысы, поселкелік кеңестің
төрағасы қьізметін атқарды. Мысалы, Абдол Дарибаев ұзақ
жылдар осы қызметті атқарды. Еңбекшілерді ерлік еңбекке
жүмылдырды. И.Н.Кондаженко да көп қызмет атқарды.
Жергілікті түрғыңдар Ресейде кысқа мерзімді жаңа
мамандық алып курстарда оқыды. Куантхан Жандаулетов 1939
жылы Барнаул қаласында 5 ай оқып, паровозшы мамандығын
игерді, ол бүрын качегар болған еді.
Темір жол байланысы
республиканы халық шаруашылығын өркендетуге үлкен ықпал
жасады. Арал
теңізінен, яғни Арал, Мойнақ (Кдрақалпақ) балық
кәсіпшілігінен жыл сайын дайыңцаған 450-500 мың центнер
балық өнімдерін осы темір жол аркылы бүрыңғы одактың
жүздеген қалаларына жөнелтіліп отырылды. Сол сияқгы Арал
теңізі порты арқылы жүк, жолаушылар тасымалданды. Арал
портынан Карақалпақ республикасына барлық қүрылыс,
азық-түлік жүктері жөнелтіліп, қайтарда макта жүктерін
Арал теңізі арқылы тасыды. Теңіз жолы басқа көліктерге
карағанда өлде каида тиімді, әрі арзан болды.
Арал каласында "Узбекснаб"
деген мекеме болды, оның қызметі екі ел арасындағы жүк
қатынасын реттеп өткізеді. Бұл мекеме, поезбен келген
жүкті портқа жеткізеді, баржаларға тиетеді. Отан
соғысының алғашқы жылдарында, ягаи 1941-1943 жылдары,
армия қатарына алынған өзбектер мен қарақалпақтар
кемелермен, каптаған ақжүгерілерін аркалап, Аралға келіп,
поезға отырғызылды.
Орынбор-Ташкент темір
жолы салынғаннан бері станциялармен разъездердің келбеті
мүлдем өзгерді, сәнді орындар мен үйлер
бой түзеді. Арал
стансасын қараңыз, оның айналасында бірнеше әдемі үйлер
тұр. Асхана, аурухана, мектеп, бірнеше тұрғын үйлер.
Аралқұм, Қамбаш, Бекбауыл станциялары сөулетті мекендер
қатарына саналады.
Ал Сексеуіл поселкасы
ерекше. Сол кездерде бір қабатты қызыл кірпішпен
салынған тұрғын үйлер,
клуб, мектеп әлі күнге
дейін көз тартады. Кейіннен, 50-60 жылдарда, екі қабатты
10-15 үйлер, стадион салынды.
1902-1903 жылдары
Сексеуіл депосының алғашқы үйі салынды, кейіннен ол
кеңейтілді.
1933 жылы депоның екініш
үйі салынды.
Қазір Сексеуіл поселкесі
ірі темір жол торабының бірі. Онда ұзақ жылдар тораптық
партия ұйымы болды,
коммунистер саны 400-500-ге жетті. Депода да партком
қурылды. 1930
жылы бірінші
per
сганцияда
поселкелік кеңес үйымдастырылды, оның төрағасы
К.Жалғасбаев, хатшысы Н.Қожаниязов деген азаматтар
болған. Станцияда
12 мыңнан астам халық түрады.
Поселкеде
1920 жылы дәрігерлік
аурухана ашылды, ал қазір 12 дәрігер, 70-тей орта
дәрежелі медицина қызметкерлері, балабақша, ясли де бар.
1931-1932 оку жылында
орыс және қазақ балалары үшін аралас мектеп ашылды,
қазір мұнда 2 орта мектеп бар. 1987 жылы 1200 орындық
жаңа мектеп іске қосылды. Бастауыш мектеп, 7 жылдық,
артынан 10 жылдық болып қайта қүрылды. Сегіз жылдық орыс
мектебі, кешкі мектепте болды.
10 жылдық мектеп екі
қабатты сәнді үйге орналасқан еді, онда 1957 жылға дейін
Б.Айхынов директор болды, одан кейін Н.Кунхожаев,
М.Сәдібеков, Ә.Досмүрзаев басшылық жасады. мектепте көп
жыл жүмыс істеген үстаздары: А.Мүздыбаев, Ж.Баспақбаев,
АШоқпаров, А.Абиев,О.Абдуалиев т.б.
Сексеул темір жол
торабының қалыптасуы мен дамуына көптеген
азаматтар белгілі үлес
косты, олар темір жол қызметінің
барлық салаларын
басынан өткізіп, қайсыбіреулері басқа лауазымы жоғары
қызметгерге де ауысты. Мысалы, О.Жұмабұлов, М.Ысқақов,
Т.Сыдықов, Ж.Жасекенов, бұлар
осы салаға қосқан
үлестері үшін құрметті теміржолшы атағына ие болды.
Арал жер көлемі жағынан
шалғай орналасқан аудан, солтүстігі Актөбе облысымен
шектеседі, ол жакта мал шаруашылығы дамыған.
Батысындағы Қүланды,
Изенді елді мекендері аудан орталығынан
300 шақырымдай қашыктыққа
орналасқан. Одан әрі Карақалпақстан жері жөне тақгадай
тегіс үстірт басталады. Үлы күмды кесіп өтіп Шығанақ,
Қүландының үстімен Актөбенің бар өңірін Ресей
калаларымен ғасырлар бойы қатынастырған атақгы "Қырық
жол" осы кезге дейін сайрап жатыр. Бүл өңірді тоқсан
жолдың торабы десе де болғандай.
Сондықган автокөліктің
дамуына да көңіл
аударылды. Аралда алғаш рет автокөлік 1978 жылы пайда
болды, сол жылы қүрылған автопаркте 13 машина болды.
Бөген, Карашаған, Камбаш едді мекендеріне жүк көлігі
катынады. 1957 жылы тамыз айыңда жолаушылар автобусы,
кейін такси, баска да жеңіл машиналар пайда болды.
Арал автомобилшілерінің кара шаңырағы — Арал автобазасы болды. Арал
автотранспорт көсіпорнын 1962-1989 жылдары білікті басшы
Оразғали
Ерекешов
басқарды. Бүл
жылдарда көсіпорынның
техникалық паркі үлкен куатқа ие болды. Автобазада
400-ге тарта жүк және жолаушы тасымалдау көліктері болды.
Кәсіпорын үзкақ жылдар ауданның экономикалық-әлеуметтік
дамуына елеулі ықпал етті. Өндірістік көрсеткішітері
жөнінен облыстағы, республикадағы таңдаулы
автокәсіпорынға айналды. Саланың материалдық-техникалық
базасын нығайтып, өндірісті үйымдастырудағы жетістіктері
үшін О.Ерекешовке "Қазақстан Республикасының еңбегі
сіңген транспорт қызметкері" күрметті атағы берілді. Ол
екі мәрте "Еңбек Қызыл Ту", "Халықгар достығы", "Қүрмет
белгісі" ордендерімен марапатталды.
Ауданның автокөлік
жүйесіне еңбек сіңірген азаматтың бірі Төлеуов Ақай
Төлеуүлы 1960 жылы
осы автобазаның бас инженері болып тағайындалады. Осы
жаңа қүрылған мекеменің калыптасуына елеулі үлес қосқан.
Бүдан кейінгі жылдарда, Алматы қалалық партия
комитетінде жауапты қызмет атқарады. 1982 жылы Октябрь,
аудандық партия комитетнің хатшысы болып сайланды. Ол
өндіріс саласының көптеген жетістіктерге жетуіне үлес
қосқан азамат. Ал Әлімбетов Жансүлтан, Аташбаев Куантқан
т.б. автокөлік жүйесінің өркендеп дамуына еңбек еткен
жандар.
жалғастыратын керуен
жолдары катынастың негізі болды. Мысалы, Бүхара-Хиуа
жолы Аманөткел,
Арал, Ырғыз арқылы Ресей жеріне жетті. Осы керуен
жолдарының бойында жолаушылардың демалатын, көліктерін
жайлайтын қызыл үй деп аталатын бекеттер болды.
Хат-хабар почтасы бір
бекеттен екінші бекетке жеткізіліп отырған. Осындай
кдтынас бекеттерінің бірі Арал-Ырғыз жолы, ол осыдан
80 шақырымдай
жерде, Сазды елді мекенінің тұсында әлі күнге дейін
қызыл үйдің орны бар.
1901-1905 жылдары
Орынбор-Ташкент темір жолы салынғаннан бастап
почта-телеграф байланысы дами бастады. Арал стансасы
арқылы өтетін жол бойындағы елді мекендерді жөне
Алматы-Ташкент-Мәскеу сияқты орталық қалалармен байланыс
тұрактандырылды.
Арал теңізінде бірнеше
балық аулайтын орталықгар бар: Арал, Бөген, Қаратерең,
Қарашалан, Тастүбек, Ауан, Үялы тағы басқада. Екінші
жағынан мал жайылымында да бірнешеленген елді мекендер
бар. Бұлармен байланыс, кунделікті өмір үшін кажет болды.
Бізге белгілі жергілікті,
республикалық және Жоғарғы Кеңеске сайлаулар жүретін,
оның қорытындыларын жеткізу үшін бірнеше сайлы аттар,
шаналар, жігіттер дайындалатын. Ал жоғарыдан түскен
нұсқауларды елді мекендерге уақгылы жеткізу
кажет болды.
Кеңес үкіметі алғашқы
күннен бастап байланыс жүйесін ретке келтіруге назар аударды, әсіресе шалғай
аудандармен, сатылап-сатылап жетілді.
Мәскеу-Алматы аралығында
55,56 санды поезд
жүрді, ол өрбір разъездерге тоқтап тұрғындарға түрлі
тамақ өнімдерін, екінші жағынан түрлі ақпараттарды
калдырады, алып кетеді. Ол акдараттар елді пункттерге
жөнелтіледі. Бұл да, бұған дейінгі, ат-түйемен кдтынаскд
қарағанда, әлдеқайда жағдайды жеңілдетті.
1930 жылдың аяғында аудан
орталығында морзе байланыс торабы орнатылды, оның
бөлімшелері елді мекендерде де қүрылды: Үялы, Ауан,
Үзын-қайыр, Бөген балық зауыттары мен балық пункттерінде
және ірі кемелерде морзе телеграфы белгісімен жұмыс
істейтін стансалар орнатылды, бүл ақпарат алмасуды
жеңілдетті. Бұл 60-жылдардың басына дейін іске асты.
Осы уақыттан бастап
қалада және ірі елді мекендерде радиохабарын тарату ісі
өріс алды. Алғашқы кезендерде радио нүктесі өндірісте,
көше орталығында, көпшілік орындарда орнатылды.
Осы 30 жылдардың аяғында
ауданның барлық елді мекендері