Hosted by uCoz

Шалқыған теңізімен, ақ алтынымен

Әлем таныған Арал!

 

 

 

 JavaScript. Үй беті қылу Үй беті қылу

Негізгі бет

 

      Еспембет ақын (1827-1870 ж.ж.) Сырдың Арал теңізіне құяр сағасында дүниеге келген. Ұлы ойшыл, күй мен жырдың алыбы Қорқыт баба жайлаған Сыр бойындағы өнер саңлақтарының көш басында Еспембеттің есімі аталады. Кемеңгер ақынның сауаты болмағандықтан кез-келген жерде телегей теңіздей айтқан толғау, айтыс өлеңдерінің аз ғана бөлігі ауыздан ауызға көшіп сақталып қалған.

Туыстас інісі ақын Нұртуған Кенжеғүлүлы Еспембетті пір тұтып, оны сыр өңіріндегі ақын-шайырлардың ұстазы ретінде былай толғайды:

Есмембет бұл Бітімбай суырып салма,

Сыр елін өлең-жырмен дүркіреткен

Осындай Сыр елінде бізден бүрын,

Санаулы жыр күмбезі дүлдүл өткен...

Бәйімбет Балапенұлы (Молда бәйім) (1861-1887 ж.ж.) 1861 жылы Ескіүра қыстағында туған. Ол XIX ғасырда өмір сүрген, суырып салма шын жүйрік ақын деп танылған, кедей шаруа отбасынан шыққан, өмір бойы жоқшылықгың  зарын шеккен деген халық сөзі бар. Молда Бәйім Сыр бойының кірей салушыларына еріп, Орынбор, Орск калаларында бірнеше рет барып, сауда-саттықка араласып күнелткен. Оның әзір жауап ақындығы жөнінде ел арасыңда мынадай шумақ бар:

Молда Бәйім Жакайым,

Әзір жауап кісі екен.

Бәйгі атындай шұбалған

Аузынан шықкдн сөзіне...

Молда Бәйімнің өлендері кезінде көп болған, ауызша айтылып, қағаз бетіне түсірілмеген, зерттеу нысанасы болмаған. Оның өлеңцері "Айтыс" кітабының ІІ-томында жарияланған.

Кдрасакал Ерімбет Көлдейбекұлы (1850-1911) Есімі Қырға,Сырға танылған, артына баға жетпес өлендер мен арнау, толғауларды мүра етіп калдырған биік тұлғалы ақын.

Оның қай шығармасын оқысаң да, тарихи, философиялық, діни дүние танымынан өзгеге ұқсамайтын даналық сезіліп тұрады.

Айталық, шайырдың діни тақырыптағы "Мухаммед Пайғамбар туралы хикая", "Ақгам Сахаба", "Ғазіреті Ғали және Дариға қыз" ертегілері немесе "Ашпас", "Сыр сүлейлері" секілді өлең толғаулары, басқа да жыр-муралары үрпаққа төрбие, үлгі-өсиет.

Ерімбетгің ел-жұртының арғы-бергі тегін зерггеген шежіресі күні бүгінге дейін "Ерімбеттің шежіресі" аталып ауыздан-ауызға айтылып, таралып келеді.

Нұртуған Кенжеғұлүлы (1889-1930). Арал ауданы, Аманөткел аулына қарасты Мырзас қыстағында дүниеге келген. Ол он жасында анасынан, он үш жасында әкесінен айрылып ауыртпашылықгы бастан өткізген.

Жаратылысынан бақытына телегей терең ақындық орнаған Нұртуған талай-талай қиыншылықгарды жеңе жүріп, туып өскен елінде Бүкарадан оқып келген Мұхамеди Ишаннан діни дәріс алып, екі жылда арабша кітаптарды емін-еркін оқып және жазып, дүниетанымын кеңейте түсті.

Ол ұлы Абайдың шығармаларын зер сала оқиды. Сондай-ақ орыс ақындары А.С.Пушкин, М.Ю.Лермантов сияқты классиктердің шығармаларымен Абай аудармасы арқылы танысады.

Нүрекеңнің қысқа өмірінде екі жүзден астам өлең-толғаулар, "Едіге", "Қарасай-Қази", "Орақ-Мамай", "Тағаймұрат", "Қобыланды", сиякты жеті қисса-дастандары дүниеге келді.

Ақын Сырдың ауыз әдебиеті өкілдерінің арасында үлкен тұлға. Ол туралы ғалым. профессор Ә.Қоңыратбаев мынадай тұжырымды 3 0 пікір айтады: "...Тарихшылдықпен өсиетшілдіктен басқа Нұртуған ақынның өзгеше бір халыктық сипаты бар. Оның толғаулары мың жол болса да, бір ұйқаспен бітеді. Жыр ақындарына түгел жайылған шүбырытпалы үйқасты бүрын мен Карасақал Ерімбеттен тарап, айтыс ақындары Қаңлы Жүсіп, Кете Жүсіптерге жеткен десем, осылардың бәрі де бүл үйқасты Нүртуғаннан үйренген екен".

Нүртуған өлең-жырын жазбас бүрын алдындағы ойлы туыстарының, суырып салма ақын Есмембетгің, сыншы Сүлтанның ақыл-кеңесін алып отырған.

Туған жері Мырзаста жыраулар мектебін үйымдастырып, талапкер өнерлі жастарды тәрбиелеуде көп еңбек сіңірген.

"Ақкудай аспандағы дауысын созған" аты шулы жыраулар Жаңаберген, Жагшарберді, Жәмет, Дөрікүлдар осы мектептің түлектері.

1980 жылдардан бері аудандық Мәдениет Үйі жанында "Нүртуған" атты жыраулар мектебі бар. Нүртуғанның туғанына 110 жыл толуы күрметіне 1996 жылы маусым айының 21-22 күндері Республикалық деңгейде Аралда мерекелік той отті.

Ақын Нүрмағамбет Қосжанұлы (1897-1937 жж.). Нүрмағамбет Қосжанүлы Арал ауданы, Кокарал ауылында Болебай шаруаның отбасында дүниеге келген. Ол жасында ауыл молдасынан оқып сауатын ашады. 1920 жылдары Арал оңіріндегі "Каракол" деген жерде қыстап отырғанда үлкен ауыртпашылыққа үшырап, әке-шешесінен айырылады. Панасыз қалған Нүрмағанбет Сексеуіл темір жол станциясына келіп, жүмыска орналасты. Әуелі кондуктор, кейін депода есепшілік қызмет атқарады. Орынборда білімін жетілдірудің үш айлық курсыңда окиды. 1927 жылы оның кдзақша-орысша сауаттылығын ескеріп, Сексеуіл ауылдық Кеңесіне хатшылық қызметке ауыстырады.

Жүртшылыққа танымал шығармалары қатарында "Сырдың даңғайыр ақыны Нүртуғанға хаты", "Молда Ашубай шайырмен айтысы", "Әйел сыны" (Ахметулла қүрдасымы) және басқа да зерделі туындылары бар.

Ақын "Нәрікбайүлы Шора батыр" дастаны арқылы жүртына танылады. Дастанды Кәрібоз, Дәріғүл, Жанүзақ секілді белгілі жыраулар насихаттады.

Нүртуған "сөзді кияннан кңыстырады екен, ешкімге ақысын жібермес" деп, Нүрмағанбеттің хатын оқып, осылай түйіпті.

Ақын 1930 жылдары Сексеуілде Кеңестің хатшылық қызметін аткарып жүргенде, "Сен конфискацияға жататын бай-молдалардың есебін жасырдың" деген жаламен бес жылға сотталады.

Қарағандыда жазасын өтеп, елге келгеннен кейін Арал қаласындағы "Пятилетка" артеліне ағаш ұстасы болып орналасады. Одан әрі ақыңдықжолын жалғастырып, "Сартай батыр" дастанын қолға алады. Кезекке "Жанқожа батыр" жайлы ертегі-жыр жазуды мақсат етіп қояды.

"Сорлының аты сорға жығылады" дегендей асыл азаматтың басына куғын-сүргіннің қара бүлты қайта төнді. 1937 жылы туған жері "Көкаралдағы" туысқандарын аралап Аралға келген 2-мамыр күні "Халық жауы" атанып қамауға алынады, сотталады. Содан оралмайды. "Сартай" дастаны аякталмай қалады.

Нұрмағанбет Қосжанұлы 1937 жылы тамыз айының 29-жүлдызында "бай-молдалардың сөзін уағыздадың, Кеңес үкіметін жамандап, қарсы үгіт-насихат жүргіздің" деп ату жазасына кесіледі, сол жылы қыркүйекте атылғандығын хабарлайды. 1989 жылы Қосжанов толық акталады.

Жазушы-журналист Ө.Жолым-бетовтың жинақтауымен баспадан Н.Қосжанұлының "Сартай" батыр дастаны жарық көрді.

Смағұл ақын (1907-1968 жж.). Исаұлы Смағүл 1907 жылы Аралдың Құланды аулына қарасты "Көкарал" елді мекенінде дүниеге келген. Еңбек жолын Арал теңізі мекемесінде бастап, ауылдық кеңестің төрағасы, колхоз басқармасы қызметтерін атқарады. Смағүл жасынан өлең шығарумен айналысқан. "Құрдасым Жажаға", "Шынықүлға", "Қоспаққа", "Әзәзіл арақпен қоштасу" сияқты өлеңдері жарық көрген, адамдарды сыйластыққа, имандылыққа шақырады.

Казақ өмірінің барлық белестері өлең мен жырға толған. Арал өңірінде тамаша жыршылар, термешілер, әншілер қалыптасқан. Халық тарапынан зор күрметке бөленген. Бүл занды да. Ол уакытта теледидар, радио жоқ қой. Айтыс — Арал өңірі халықтарының ақындық өнерінің тамаша дәстүрі еді, оның өрісі кең болды. Көпшілік ақындарды айтыс үстінде бағалады. Ел жырды, термені, әнді өте жақсы көрген, оларды күрмет түгкан, өз өмірлерінің бір күрамдас бөлімі деп караған. Олардың бір тобына тоқгала кетейік.

Қондыұлы БІТІМБАЙ жырау (1846 жылы туған. Өлген жылы белгісіз). Аманөткел өңірінде дүниеге келген. Ол Сыр бойындағы акын, жыршы, өнер саңлақтарының арасында ешкімге ұқсамайтын дара тұлға. Себебі, әрі ақын, майталман жыршы ретінде даңқы ел-жұртының арасына кең тараған. Бітімбай "Кенесары - Наурызбай", "Қарабек батыр" жырларын жазған, сонымен бірге "Орақ-Мамай" дастанының алғашқы нүсқасын өлеңмен өрнектеген.

Ойы терең, қаламы жүйрік ақын көптеген ертегі, толғау өлендер де жазған.

Ақынның "Қарабек батыр" жыры 1987 жылы шыққан. "Ақсауыт" батырлар жыры жинағына енгізілген. Ал "Кенесары -Наурызбай" жыры қол жазба күйінде Ғылым Академиясына 1940 жылы тапсырылған.

Жоғарыда айтылғандай Бітімбай жыраушылық мақамымен шығар-маларын өзі орындап, халық арасына насихаттап отарған.

Бітімбайұлы ЖАҢАБЕРГЕН жырау (1886-1953 ж.ж.) Жаңаберген Бітімбаев 1886 жылы Арал ауданы, Аманөткел ауылдық Кеңесіне қарасты Мырзас елді мекенінде туған.

"Өрен жүйрік Еспенбетті, Кенже-ғүл күйші сынды өнер дүлдүлдерін дүниеге келтірген Мырзастың киелі топырағы Жаңабергенді де табиға-тынан дарынды етті. Әкесі Бітімбай арқылы ақын, ділмар шешен болған. Жаңабергенді қаршадайынан ауылдың ас-тойларынан қалдырмай ертіп, саз өнеріне баулумен катар, болашағына жол ашты. Жасы 14-15-терге келгенде әкесінің жазған "Қарабек", "Наурызбай"қиссаларын екі-үш тәулікке тапжылмай жырлайтын жырау атанды. Жаңаберген арабша өте сауатты, дауысы кең, үні қоңыр, жырды түсінікті, таратымды етіп айтатыны сонша, оның тындаушылары үзақ таңға жалықпайтын деседі".

Оны көзімен көріп, қүлағымен тыңдағандар "дауысы атшаптырым жерден естілетін еді, алқымы темір балқытатын көріктің көмейіндей ғой" дейді екен.

Жаңаберген жырау ел басқару ісіне де белсене араласқан. Ол "Большевик", "Жаңаталап" үжымшарларындатөрағалыққызметтер атқарған. Көзітірісінде Ғылым Академиясына "Карабек"қиссасын жазып тапсырған. Жыраудың ақындық, күйшілік қыры хақында Б.Жүсіповтың "Мырзастағы жыр мектебі", "Жиделі Байсын күйлері" кітаптарында егжей-тегжейлі айтылды. ЖАППАРБЕРДІ жырау

Жаппарберді Тілеубердіүлы 1895 жылы Сыр бойы Арал ауданында дүниеге келген.

Ол ақын Нұртуған Кенжеғүлұлының "Мырзастағы" жыршылар мектебінде, Жаңаберген, Жәмет, Дәрікүл сиякты жыраулармен бірге дөріс алған.

Жаппарбердінің қайталанбас мақамымен жыр жырлаған. Бір кездерде қатарындағы жырауларға қарағанда Жаппарберді дауысынан танбай таң атып, күн шыққанша бір калыпты жырлаған. Тындаушыларын тандандырған жырау Нүртуған ақынның бірнеше қисса-дастандарын ("Едіге", "Карасай-Қази", "Қобыланды" т.б.) және Қарасақал Ерімбеттің, Кердері Әубәкір сиякты ақындардың өлең, толғауларын нақышына келтіріп орындайтын.

Жаппарберді Тілеубердіүлы 1936 жылы 41 жасында қайтыс болды. Бейіті Сексеуіл қыстағында.

Әйімбетов КӘРІБОЗ жырау. Жырау Кәрібоз Әйімбетов 1892 жылы дүниеге келген. Суырып салма ақын. Оның жастайьшан өлең-жырға бейім болып өсуіне әкесі Әйімбетгің шеберлігі ыкпал еткен.

Он екі жасында үйықтап жатқа-нында түсінде аталары қолына шырпы үстатыпты деген сөз бар. Аян беруден кейін-ақ Кәрібоздың ақындық аты шыға бастаған.

Жас шайырда Кәрібоз, Тал шыбықгай бүралып. Ойланбастан сөз айтқан... — деп, Нүртуған оны жоғары бағалаған. Кәрібоз өзіне туыстас жырауларға Караганда қисса-дастандарды көп білетін, әрі суырап салма ақын болған. Ол Карақалпақ еліне де атағы кеңінен тараған дара түлға.

К.Әйімбетов 1936 жылы Жаңаберген Бітімбаев және Нартай Бекжановпен бірге ақын-жазушылардың республикалық II слетіне катыскан. Атышулы 1937 жылдың қызыл қырғынына Кәрібоз жырау да ілігіп кете барған. Атақгы жыраудың ел аузына тараған жырлары халық жадында жатталып калган шыгармалары сол күйінде жарық көрмей, сақталмай ел арасында қанша айтылғанымен жоғалып кеткен.

ЖӘМЕТ жырау Сайымұлы Жәмет Қазалы ауданында қарасты Ақтоған деген жерде 1895 жылы туған. Әкесі Сайым диқаншылық кәсіппен айналысқан. 1896 жылы Жәмет бір жаска толғанда дүние салған. Шешесі Үбіш суырьш салма акын болтан деседі, одан торт жасында айырылады. Жастайынан жетімдік тауқыметін тартса да Жәмет өнерге бір табан жақын, ауылдағы той думандарға қатысып, домбыра тартып, ән-өлең айтып, келешек жырау болуға ұмтылады.

Жәмет 1926 жылы Мырзастағы нағашысы Нұртуған ақынға келіп, жыраулық өнерге біржолата ден кояды. Ол алгашқы кадамын, "Ақ Кете Шернияз" дастанын жаттауцан бастады.

Зерделі жырау Нүртуғанның "Едіге", "Орақ-Мамай", "Қобыланды" қиссаларын, Бітімбай ақын-жыраудың 'Кдрабек","Наурызбай" т.б. дастандарын жаттап жөне жырлап жұртшылықгың сый-кұрметіне ие болады. Жәмет жырау кезінде облыстық, аудандық ақындар айтысына қатысып, өзінің бойындағы суырып-салма ақындық, жыраулық қасиетін көпшілікке паш етеді.

ДӘРІҒҮЛ Өміркүлұлы. 1908 жылы Арал ауданы Акирек аулына карасты Құмбазар елді мекенінде дүниеге келген.

Дәріғүл туасылы өнерге бір табан жақьш, дене бітімі тұлғалы болғанымен домбыра тартуға, ән айгуға үшрсектігін сезінген әкесі Мырзас ауылында отырған халыққа қадірменді Рахметүлы Сүлтан мен Кенжеғүлүлы Нүртуғанның тәрбиесіне береді.

Өйткені Нұртуған Дәріғұдцың туған бөлесі. Нұрекең Дәріғүлд    DlAJ әншілік даусы мен зейінінің алғырлығына тәнті болады. Есю?1    еС хаттанытып, сауатын ашып, қисса-жырларды үйретеді. Сөйтіп  аяғы үш-төрт жылда ақынның туындылары "Мәулімнияз-Едіг^иъ "Қобыланды", "Тағаймүрат" жырларын үйретіп, ерк^" жырлайтын жырау атанады.

1941 жылы Дәрікүл "соғыстан қашты" деген жаламен он төі жылға бас бостандығынан, Ақтөбе, Магадан қалаларынд жазасын өтей жүріп, небір қиыншылықтарды басынан кешіред Шайырдың жүрегінен жарып шыққан "Қошқарбайға" "Жеткіншегім", "Жанқозым", "Ауылыңның көрініп түр қарасы" балаға деген жүрек сағынышын, ынтық зарын жырға қосады Дөрікүл Өміркүлүлы 1954 жылы елге келіп, 1956 жылдың сәуі айының 20-сы күні үзаққа созылған науқастан дүние салды) Қорымы туған жері Қүмбазарда.

Қарман  СҰЛТАЕВ,   шежіреші Аралкүм стансасында дүниеге келген. ^ЫР;

Ескіше, жаңаша сауат ашкдн. Сыр бойы — Арал өңірінің жырлары мен аңыз шежірелерін көп жинаған. Негізінен дерек беруші және жинаушы.

Оның артында қалған мүраларын қазір Сыр өңірінің жыршылары мен термешілері халық арасында кеңінен насихаттап, орындап келеді.

Шежірешінің шығармашылық дүниелері әліде кеңінен зерттеуді қажет етеді.

Жұбатов ҚЫЗЫЛБАИ жырау, (1902-1983 ж.ж.) Жыршы Көкарал түбегінде дүниеге келген. Кәсібі балықшы. Жүйрік жыршылығына, әсіресе, Нүртуған-ның "Қобыланды" жырын көп айтқанына байланысты "Кдраман жыршы" атанған.

Ол жырды Соқыр жыраудан үйренген. Нүртуған ақыннан бата алған. "Едіге", "Қарасай-Қази", "Орақ-Мамай" жырларын айтқан.

Оның көптеген шәкірттері мүраларын зерттеп, мшғармашылық дүниелерін көпшілікке танытып келеді. Соның нәтижесінде Қызылбай жыраудың есімі де, шығармалары да Сыр бонының халқына кеңінен таныс.

Сапаров ҮМБЕТӘЛІ жырау, (1913-1989) Беларық елді мекенінде дүниеге келген. Нүртуған ақынның өзінен тікелей жыр үйренген. "Мәулімнияз-Едіге", "Қарасай-Қази", "Орақ-Мамай" сиякты көптеген ірі эпикалық жыр дастандарды білген. Оның орындауында айтылған жырлар қүлақтан қүлаққа сіңіп тыңдаушыларына бүгінгі күнге дейін жетіп отыр.

Үмбеталы жырау Сыр бойындағы өзінің ерекше орынын алатын талантты жыршы. Оның шәкірттері қазіргі кезде ол орындаған мақаммен бірнеше хырларды орындап келеді.

Келімбердіүлы ҚҰЛЖАН ақын, (1887-1969 ж.ж.). Ол Көкарал түбегі, Қармыс елді мекенінің топырағында дүниеге келген. Ескіше көп оқыған, дін насихатымен айналысқан, ақын, көнекөз шежіреші. Ел аузында Қүлжан мен Ісентүгел ақынның айтысы деп аталатын юлемді шығарма сақталған. Ақынның үрпағы Кішкене де ата жолын үстаған ақындық дарыны бар азамат. Ақынның артында қалған мүралары халық арасында кеңінен таралуда.

Қайрақбаев БЕКБОСЫН жырау. 1916 жылы Арал ауданының Сазды елді мекенінде туған. Ол жастайынан жыр-терме айтумен :стенеді. Оның репертуары магнитофон таспасына жазылып, радио арқылы насихаттап келеді. Бекбосын Сыр бойы . іңлақтарының, оның ішінде атақты Жаппарберді жыраудың макдмдарын жете игеріп орындайтын жүйрік жыршы болған.

Күйші КАЗАНҒАП (1854-1927 ж.ж.) Қазанғап Тілепбергенүлы 1854 жылы Қүланды түбегі мен Ақбастының арасындағы Ақбауыр деген жерде дүниеге келді. Казақгың халық күйшісі, композиторы. Жасынан ән-күйге кұмар болтан. Түңғьпп шығарған күйі "Торы ат" (1875 ж.) Ақгөбе, Қостанай, Орынбор, Троицк, Шалқар, Темір мен Ойыл аралап көптеген өнерпаздармен кездесуі, оның орындаушылық кабілетінің өсуіне зор ықпал жасады. 1894-1895 ж.ж. Маңғыстауда болғанында Түркімен әндерінің әсерімен "Келсәнә, батыр келсәнә," күйін шығарды. Казангап творчествасының идеялық-көркемдік диапозоны кең. Шығармалары негізінен жеке кісілер ("Балжан", "Үлкен Каратөс, "Кіші Каратөс") мен жан-жануарларды ("Ақсұңқар кұс", "Көкіл", "Бозжорға", "Майқоңыр", "Бөгелек") бейнелеуге, әзіл-сыкақ ("Бүрандама, келіншек", "Бұраңбел", "Молдаң бол, биің бол - бәріне де бір өлім"), көңіл-күй лирикаларына ("Дүркін-дүркін дүние", "Қап, әттеген-ай", "Үмытты, қалды, үмытты", "Аман да бол, шырағым", "Домалатпай", "Ілме", "Жаңылтпаш", "Кербез Ақжелең") күрылған. Кейіннен 1916жылдың оқиғасы ("Жүртга калган", "Окоп") мен халық ағарту жүмыстарына ("Учитель") арнаған күйлер шыгарды. Сондай "Көкіл", "Домалатпай" күйлері балыкдіы тірпгілігіне арналган. Казангаптың шыгармалары Қүрманғазы атындағы қазақтың халық аспаптар оркестірінде орындалады. Казанғап шығармашылығына байланысты көптеген ғалымдар қалам тартты.

Аудандық мөдениет үйінің жанындағы халық үлт аспаптары оркестріне 1967 жылы мамыр айының 8-і күні жерлесіміз Казангап атағы берілді. Оркестр коллективі Республика жүргшылығъша белгілі көрермендер күрметіне бөленіп, байкау- конкурстарда бірнеше рет лауреат атағына және жүлделі орындарга ие болып келеді.

Күйші МЫРЗА Тоқтаболатұлы (1850-1934 ж.ж.) Қарақүм қойнауындағы "Жыланды" деген жерде дүниеге келді. Әкесі Тоқгаболат би-болыс, өн айтып, домбыра тарткан өнерлі адам болған.

Туасылы талантты және өнерлі ортада өскен Мырза домбыраны жастайьшан сүйіп үйренеді. Казактың кара домбырасьш жанына серік еткен ол асқан күй орындаушылық шеберлігімен бірге күйлерді шыгарып, жұртшылыкка "Мырза күйші" атанады. Оның күйлері сан алуан тақырыпты камтиды.

Нұрпейісов Кәрімұлы Әбдіжәміл - 1924 жылы ауданның Құланды ауылына қарасты "Ұшқын" деген жерде туды.

Әбдіжәміл орта мектепті бітірісімен әскер қатарына шақырылып, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысты.

Ә.Нұрпейісов өзінің жазушылық жолын "Курляндия", кейін "Күгкен күн" романынан бастады. Өзінің шығармашылығын бірден романнан бастау тарихта сирек кездесетін уақиға. Бұл оның табиғат берген талантының нәтижесі еді.

ан мен тер" эпопеясы оның есімін өлемге әйгілі етті. Романды француздың атақты жазушысы Луи Арагон өз тілінде қызыға оқып шығып: "Нұрпейісовтің "Кан мен тер" романы әлемдегі ең қызық деген шығармалардың қатарында тұратын туынды" деп баға берген.

Театрландырылған қойылымы сахналанып, экранға шығарылғанда, 1974 жылы Әбдіжәміл Нүрпейісовке және біркдтар үздік актерлерге КСРО мемлекетгік сыйлығының лауреаты атағы берілді.

Ә.Нүрпейісов кара создің шебері, қоғам қайраткері, аудармашы және ұстаз.

Шүкіров Зейнолла - (1927-1979) қазақ ақыны. Арал ауданы іөген селосында дүниеге келді. Ол жастацйынан ауыр науқасқа палдығуына қарамастан өз бетінше оқып, өлең жазды. "Менің достарым", "Теңіз жыры" жыр жинақгары, "Тоғысқан тағдыр", "'Қиын түйін" тағы да прозалық шығармалары жарық көрді. Соңғы жылдары інісі Алпысбай Шүкіровтың тынбай ізденуі арқасында төрт томдық "Сыр бойы" романы екі кітап болып, жарняланбаған өлендері "Сағыныш" деген атпен жаңа жинақ болып шықгы. Ол — аса қиын тағдырға мойынсынбай өмір үшін күресіп өткен аскақ ақьш.

Мархабаев Абдулхамит — талантты фантаст-жазушы, бірнеше кітаптың авторы. Үзақ уақыт ұстаздық қызмет атқарып келеді. Филология ғылымының докторы. Әрі жазушы-ғалым ретінде оның білімпаздығы мен ұстаздық шеберлігін шәкірттері үнемі үлгі тұтады. Қазақ әдебиетінде фантастика жанрын дамытудағы алғаш^ылардың бірі.

Әбдірашев Жарасқан - Қазақтың талантты ақыны, М.Жүмабаев атындағы сыйлықтың лауреаты. Оның көптеген шығармалары халықжүрегіне жол тауып, сүйіспеншілікке бөленген. дарынды ақын артына әдеби көп мұра кадцырды. Оны зерттеу, зерделеу кейінгі үрпақ парызы болмақ.

Сариев Шөмішбай, Арал ауданының Шөміш стансасында омірге келген, Қамыстыбас орта мектебін бітірген. С.М.Киров атындағы университеттің журналистика факультетін 1971 жылы бітіргеннен кейін, әр түрлі баспаларда жауапты қызмет атқарды.

Ол 1991 жылы Үлттық ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы әдебиет және онер институтына ауысады да ғылыммен айналысады, 1996 жылы кандидаттық диссертациясын қорғайды. "Қазақ поэзиясы" атты еңбегі жарық көрді. К^зақ ақындарының ішінде түңғыш рет "Ғашықгар жыры", "Боз жорға" атты авторлық бейне таспасын жариялады.

Шөмішбай Сариев белгілі ақын, көптеген жинақ авторы, 200- ден астам ән-өлеңдердің авторы, басқа үлттардың белгілі ақындарының өлендерін қазақшаға аударған тәржімашы.

Құттықов Мешітбай — ақын, поэзия жолына қайнаған қызу өмірде жүріп келеді. Үзақ жылдар тәртіп сақгау органында жүрген оны тума талант сезімі — олең оятып поэзияға әкелді. Бірнеше кітап шығарды. республикамызға белгілі ақын болды. Оның әдеби мүрасы кейінгі үрпақ қазынасы болып қала бермек.

Әленов Әмірадин — 1931 жылы туған. Педагогика ғылымдарының кандидаты, ақын, коп жылдар Арал қаласындағы

сырттан оку мектебінің директоры болды. "Айна", "Шипалы су", "Ақ толқын", т.б. кітаптары шыққан.

Сейтмағанбетов Серік — 1940 жылы туған. Талантты ақын, "Арманым асқарым" жинағының авторы. Үзақжылдар "Толқын" газетінде бөлім басқарды.

Тұрдалиев Сағындық - ақын, өлең жазумен мектеп кдбырғасында жүргенде айналыскан. Ол өлең, жырларының көпшілігін балаларға арнап жазады. Сүйікті де, сүйкімді окушыларына өсем де, мағыналы шығармаларымен жол тапқан ақын.

Жиенбай Куаныш Белгілі журналист-жазушы. КазГУ-дың журналистика факультетін тамамдаған. Оның тырнақ алды туындылары Аралдың "Толқын" газетінде жарияланған, Жазушылар Одағының мүшесі, бірнеше прозалық кітаптардың авторы. Халықаралық "Алаш" сыйлығының лауреаты. Қазір "Ана тілі" газетінің редакторының орынбасары.

Жұбатырұлы Сайлаубай — 1948 жылы туған. Балық аулаумен өмір жолын бастаған ол талантты жазушы. Бірнеше кітаптың авторы. Оның шығармашылық арқауы — Арал тақырыбы. "Абыржы" атты трилогиясының бірінші кітабы жарық көрді.

Каназов Молдахмет — 1958 жылы Арал қаласында орта мектепті, 1963 жылы Шымкент педагогика иниститутының филология факультетін төмамданған.

1978 жылдан 1985 жылға дейін "Жалын" баспасының редакторы, редакция меңгерушісі қызметтерін атқарған.

1992 жылдан "Денсаулық" журналында бөлім меңгерушісі, 1993 жылдан осы журналдың бас редакторы, жазушы.

Молдахмет Қаназ Жанқожа Нұрмүхаммедұлы туралы "Жанқожа" атты үш актілі тарихи драма, бірнеше танымдық, проблемалық зерттеу мақалалар авторы.


 

 

Есептеуіш


Арал қаласы

Ауа райы

GISMETEO: Погода по г.Аральск

 

 

 Kazakh variant of an informal site of a city was designed by Tuleshov Ayan. Copyright © All right reserved 2009-2010